Қостанай облысының Сарыкөл ауданында тұратын бір кәсіпкер ауылда жиі жарық өше бергендіктен, өз қолымен желден қуат өндіретін қондырғы құрастырып алған. Қазір ауласында тұрған құрылғыдан күніне 3 киловатқа дейін электр энергиясын алады. Былтыр осы бастамасы үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 2 миллион теңге қайтарымсыз грантқа ие болды. Содан бері тағы 7 жел қуатын өндіретін құрылғы жинап шығарды. Тұтынушылар – негізінен жергілікті тұрғындар мен жеке шараушылық иелері. Алғашқыда желден энергия өндіргіштің шағын түрін жасады. Қазіргілері қуаттырақ. Секундына 15-20 метр жел соққанда, бір құрылғы күніне 2-3 килловат электр энергиясын өндіреді.
ответ: очень жаль что мой ответ удалили
Жел, Электр энергия, күніне, өндіретін,құрылғы
Объяснение: