текст Оқылым тапсырмалар мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз. xix ғасырдың аяғында қазақ халқын саяси жағынан қайта түлету қажет екенін айқын түсінген қазақ зиялылары қалыптаса бастады. қазақ зиялылары арасында елжанды саясаткерлер шықты. олар-көрнекті ғалымдар, жоғары білімді адамдар. түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері ахмет байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі қостанай облысы, жангелді ауданы сарытүбек ауылында дүниеге келген. тоғыз жасында орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебіне оқуға түседі. 1895 жылы педагогикалық кеңестің шешімімен "бастауыш училищенің оқытушысы" деген атақты алып шығады. ахметтің саяси жолы 33 жасында басталды. 1905 жылдан саясатқа араласты. ол жер мәселесі жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болған. қазақ халқының xix ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі махамбет өтемісұлы. махамбет жас шағында жәңгір ханның қолында болады, бірақ Туысынан өр мінез, өжет жанды махамбет хан сарайында әділетсіздік пен теңсіздіктің куәсі рөлінде ұзақ тұра алмайды, көп кешікпей өзі шыққан халықтың арасына оралады. исатай тайманов бастаған шаруалар көтерілісінің махамбет ең белсенді ұйымдастырушыларының бірі, жалынды жаршысы болды. бүгін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, әдебиет сыншысы, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескен, "шындықтың шырақшысы" атанған, халқы "аға" деп сүйіспеншілікпен әспеттенген тәкен әлімқұлов. жазушы шығармаларының негізгі тақырыбы-ауыл тіршілігі, адам тағдыры. ол абай, махамбет секілді тарихи тұлғалардың өмірі жайлы көркем шығармалар жазды.