Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма. Мәтінді оқып, келесі тапсырмаларды орында. (Прочитайте текст и
выполните следующие задания.)
1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып
сайланды. Сайлуға катысқандардың 98,78%-ы жақтап дауыс берді. Бұл жаңа мемлекет
қалыптасуының өтпелі кезенінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан
халқының жауапты таңдауы еді. Қазақстанның тағдырын өз қолына алған ұлт көшбасшысы
жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бүкіл елге
жариялау бақытына ие болды. Ол елге тәуелсіздік сыйлаған тұлға ретінде де үлкен
кұрметке ие. Халықты қашанда білікті басшы шыңға шығарады емес пе? Ал біліксіз басшы
шыңырауға түсіреді. Біздің еліміздің шыңға өрлеп, бүкіл әлем мойындаған ел болуы аянбай
еңбек еткен басшымыздың аркасы екенін бүгінде баршамызға аян.
Дәл сол
2011 жылды 10 желтоқсанында парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан
Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгеріс енгізілді. Президент тиісті құжатқа
қол қойылып, 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері бұл күн мемлекеттік мереке деңгейінде
тойланып келеді. Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше.
Тарихы да тереңде жатыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі
қалыптасып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы
егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Мәселен, 1991
жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Семей ядролық полигонын жабу туралы
жарлығы» шықты. Сондай-ақ 1991 жылдың 25-қазанында Тұңғыш Президенттің
жарлықтарымен Қауіпсіздік кеңесі және мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің іргетасы осылай қаланды.​

ylianа06 ylianа06    3   08.12.2020 05:07    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi