Орындау уақыты: 15-20 минут 1-тапсырма. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Жолдың аты жібек саудасына байла. сты шыққан. Жібек мата дайындау үшін табиғи жібек талшықтары керек. Табиғи жібек талшықтары тұт жібек көбелегінен алынады. Ересек көбелек жапырақ бетіне жұмыртқалайды. Ол жұмыртқалар жұлдыз құрт болып дамиды. Оны жұлдыз құрт немесе тұт жібек құрты деп атайды. Жұлдыз құрт тек тұт ағашының жапырақтарымен қоректенетін болғандықтан тұт жібек құрты немесе тұт көбелек деп атаған. Жібек халықаралық саудаға шығарылғанымен, оны өндіруді Қытай үкіметі өте құпия сақтаған. Жібек жолының соңғы нүктесі Жапонияның ертедегі астанасы Нарга қаласында жібек сататын орындар болған. Оның басты бір дәлелі – ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақтаулы тұруы. Сөйтіп, Ұлы жібек жолының бойындағы сауданын дамуының арқасында бүкіл дүниежүзінде жібек шаруашылығы және басқа да шаруашылықтың түрлері дами бастады. (115 сөз) Мәтінді түсініп оқиды, 2 сөйлеммен тұжырн. жасайды