Орындау барысы: 2-тапсырма. Абай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін қандай көркемдегіш құралдар арқылы жеткізеді? айдарымен «Балық қаңқасы» әдісі арқылы сызбаға түсір. *Басы-тақырыптың мәселесі
*Үстіңгі сүйектері- көркемдегіш құрал түрлерін жаз.
*Астыңғы сүйектері-көркемдегіш сөздерге мәтіннен тапқан дәлелдер жаз.
*Құйрығы-шығарманың көркемдік тілі жайлы түйінді сөз.
Жұмыс жасау барысында қоланылатын сөздік.
Теңеу-заттың, я құбылыстың сыр –сипатын, белгі-бедерін, қадір-қасиетін сапа-сынын өзге затпен не құбылыспен салыстыру, суреттеу арқылы танытып айрықшы мән-мағына беру.
Эпитет-заттың не құбылыстың айрықша сипаты мен сапасын анықтап, ерекше көріктендіру үшін қолданылатын айқындаулар
Метафора- Суреттеліп отырған зат не құбылысты айқындай түсу үшін оларды ұқсас өзге затқа не құбылысқа балап айту.
Синоним-Айтылуы әр түрлі болғанымен, мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Антоним-мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.