Орында 6. Суреттер бойынша мәтіндегі Еңбек сияқты әр елге сая-
хаттаңдар.
1. Еңбектің рөліне еніп, ертегі мазмұнына оқиға қосып
сөйлеңдер.​


Орында 6. Суреттер бойынша мәтіндегі Еңбек сияқты әр елге сая-хаттаңдар.1. Еңбектің рөліне еніп, ерт

alsusetyarova05 alsusetyarova05    1   28.02.2021 15:08    12

Ответы
vikaMiwka vikaMiwka  30.03.2021 16:10

Мен Еңбекпін,менімен әр елге саяхаттауға дайын болыңдар балалар.Бірінші Австралия еліне барамыз.Ол елде кенгуру мен коала аңдары тіршілік етеді.Міне Австралия елінеде ұшып келдік.Австралия құрлықтардың ең кішісі.Бұл елдің елтаңбасында кенгуру белгіленген.Кенгурулар-сүт қөректі жануарлар.Олардың кішкентайлары өте әлсіз туыладыда,бірден анасының қалтасына кіріп емшек сүтімен көректенетін көрінеді.Өскесінде анасының қасында жайылып,қауіп төнсе анасының қалтасына жасырынады екен.Ал коалар ағаш басында өмір сүреді.Олар тек эквалип ағашының жапырағымен көректенеді.Коала -ешқашан су ішпейтін-деген мағына береді екен.Олар жапырақтағы сумен көректенеді.Қызық иа?!Австралияның жылуымен жылынып болсаңдар,енді Арктикаға ұшамыз.Онда ақ аюлар мекендейді.Міне қатты суық,мұз бен қар басқан солтүстіккеде жеттік.Ақ аюлар суға сүңгіп,итбалықтарды аулап жейді.Олардың терісі қалың жүн және майдан тұрады.Суыққа шыдамды.Апандарда жатады және күніне 25кг.ет жейді.Арктика қысы қатты,үсіп кетпей тұрып,тездетіп Африкаға ұшайық.Міне Африкағада келдік.Африка Евразиядан кейінгі құрлық.Бұл жақта күн ыстық.Маймылдар мекені.Маймылдар 1ұрпақ қана әкеледі екен.Олар ағаш басындағы жемістермен қоректенеді.Біз көрген аңдардың бәрі өз тіршіліктері үшін еңбек етеді.Кенгуру мен коалар өсімдіктерді іздеп,бірі ағашқа мініп,ақ аюлар судан итбалық аулап,маймылдар жеміс теріп жеп,еңбектің арқасында өз тіршіліктерін жалғастырады. Ыстық Африкадан соң өз еліміз Қазақстанға ұшып келдік.Қазақстанда біз көрген бұл аңдар зоопаркте тұрады.Еңбек етудің пайдасы көп,аңдар өз еңбектерімен астарын тауып жейді.Еңбектеніңдер,еңбектің зейнетін көресіңдер.Сіздермен әр елге саяхаттаған Еңбек бауырларың.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi