Барсакелмес қорығы туралы. Барсакелмес қорығы – Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралында. Ол – 1939 жылы ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Жерінің ауданы – 20 мың гектар. Қорықтың мақсаты – жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және олардың қоршаған табиғатқа бейімделуін зерттеп, саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау. Қорық жері – құм жоталармен қоршалған сортаң шөл.