Ортасы Орындауға 35- жаттығу Мәтіндегі негізгі ой мен тақырыптың не туралы екенін анықта.

Мәтіннің соңғы бөлігіне ат қой.

Мәтіннен біріккөн сөзі бар сөйлемді тауып жаз.

Максим Зверевтің «Мен қалай жазушы болдым?» мәтінін түсініп оқы.

1903 жылы мен сегізде едім. Әкем «Баламды көктемгі аңшылыққа апарам» дегенде шешемнің көзі шарасынан шықты. Сонда қос ат жеккең арбаның лайсаң батпаққа күпшегінен кіріп келе жатқанын үмытпаппын. Табиғатпен қоян-қолтық келгенім" - тасыған су жиегіндегі көгалда қарсы алған таңым жадымда өшпестей болып қалыпты. Үйге келген соң, жаңағы сапарымды жазғым келді. Үлкен сызықты дәптерге тұңғыш рет «әңгіме» жазып, әкеме көр-сеттім. Менің емле қателерімді көргенде, әкем жағасын ұстап, қызыл қарындашпен түзете бастады.

Арада бірнеше жыл өтті. Жаздыгүні тал түсте иісі аңқыған пішен маясының төбесіне шықтым. Тұс-тұстан құстар сайрайды. Өз көзіммен көргенімді жазсам қайтеді деген құштарлық ерікке қоймады. Бір өшіріп, бір жаздым. Қате қаптап жүр екен. Қателерімді түзеп, жазғанымды әдемілеп көшірдім. Содан кейін барып әкеме көрсеттім. Ол кісі оқып шықты да, көзілдірігінің үстінен маған таңдана қарады.

Мен ғалым-зоолог болсам да, жазсам-ау деген құмарлығым бәсеңдеген жоқ. Бүгін, міне, балалар, менің табиғат жайында жазған 120 кітабым бар. Менің кішкентай оқырмандарым, оқудан, үйренуден жалықпаңдар,

Аударган Мұзафар Әлімбай

GeBorgge GeBorgge    3   19.12.2020 16:15    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi