Орталық Қазақстан − кенді аймақ. Сарыарқа жері − пайдалы қазбалардың көмбесі. Мұнда көмір, темір кені, мыс, марганец, алтын, күміс, мұнай жөне т.б. пайдалы қазбалар бар. Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы қолайлы. Ол орталықта орналасқан, экономикалық жағынан қолайлы аудандармен шектеседі. Пайдалы қазба кен орындарына жақын орналасқан, транзит жолының үстінде және көлік қатынасы жақсы дамыған. Бұл ауданда пайдалы казбалар алуан түрлі әрі өте көп. Қарағандыда жер койнауындағы көмірдің мол қоры шоғырланған. 100% кокстелетін көмір де осында. Мыс кен орындары Балқаш маңы мен Жезқазғанда, марганецтің 100%-ы Атасу және Жезді кен орындарында өндіріледі. Мұнда сирек металдар да кездеседі. Бұл Орталық Қазақстанды дамытуға жаңа серпін береді. Бөлшек сауданы дамытуға көмектеседі.
44-бет, 6-тапсырма. Мәтінде жауабы бар нұсқаны белгіле.
А) Ол қандай экономикалық аумақтармен шектеседі?
Ә) Жезқазғанда көлік қатынасы жақсы дамыған ба?
Б) Кокстелетін көмірдің қанша пайызы бар?