Орта ғасырда тұңғыш энциклопедиялық сөздік құрастырған ғалым – Махмұт Қашқари. Ғалым «Диуани лұғат ат түрік» ( «Түркі тілінің сөздігі») атты сөздік жазды. Орта ғасырларда Ұлы Жібек жолының ықпалымен түркі тілі халықаралық тіл деңгейінде қолданылған. Ғалымның сөздігі түркі тілдерін танытуға арналған. Осы еңбегі арқылы Махмұт Қашқари адамдарды өнер-білімге, әдептілікке шақырған. Тұңғыш рет түркі халқының географиялық картасын жасаған. Ал Жүсіп Баласұғынның есімі әлем тарихында «Құтты білік» дастаны арқылы қалды. Бұл дастан Атазаң қызметін атқарған. «Құтты білік» - әлем тарыхында өзіндік орны бар еңбек.