Орфографиялық және орфоэпиялық нормалар (казахского языка).

Marinka29082004 Marinka29082004    1   05.08.2019 14:00    0

Ответы
denmalyshevs denmalyshevs  25.08.2020 19:58
ОРФОГРАФИЯ МЕН ОРФОЭПИЯ
Қазақ тілінде сөздердің жазылу заңдылығы мен айтылу заңдылығы бар.
Орфография – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы.
Орфоэпия – сөздердің дұрыс айтылу заңдылығы
Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады.
Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір - біріне үндесіп айтылуы керек.

Ілгерінді ықпал
Жазылуы айтылуы
Көрікбай Көрікпай
Көк гүл Көк күл
Қас жау Қаш жау
Ашса Ашша
Ішсе Ішше
Қашса Қашша
Ала көз Ала гөз
Алып бер Алып пер
Тоқ бала Тоқ пала
Кейінді ықпал
; азылуы айтылуы
Жанболат Жамболат
Кек алу Кег алу
Қара ала Қарала
Сақ адам Сағ адам
Он бес Ом бес
Есенбай Есембай
Көп бала Көп пала
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi