Қоректік тізбек дегеніміз не

supanzerbe supanzerbe    2   04.09.2020 10:22    0

Ответы
alenka199918 alenka199918  15.10.2020 17:30

Қоректік тізбек — қоректену типімен біріктірілген организмдер жиынтығы.

Объяснение:

Өндіргіштер - өздігінен қоректенушілер (делдалдар жоқ, мұндай организмдер энергияны тікелей күннен немесе бейорганикалық заттарды тотықтырып алады - фотоавтотрофтар және хемоавтотрофтар).

Фитофагтар - делдал біреу - өсімдіктер.

Бірінші реттік зоофагтар - делдалдар екеу - өсімдіктер және фитофагтар.

Екінші реттік зоофагтар - делдалдар үшеу - өсімдіктер, фитофагтар, бірінше реттік зоофагтар және т.б.

Бір қоректік деңгейдегі организмның тұтынған энергиясының 10%-ы өтуі мүмкін. Қалған энергия организмнің тіршілік етуіне жұмсалады.

Ыдыраушылар мен қалдық қоректілер - әр түрлі қоректік деңгей көрсетуі мүмкін. Қурап қалған өсімдіктерді пайдаланғанда олар екінші, фитофагтар өлігінде - үшінші, бірінші реттік өлексесінде - төртінші, т.б. қоркетік деңгей көрсетеді.

Бір қоректік деңгеймен байланысты емес жануарлар (эврифагтар) бар. Эврифагтар қатарына адам да жатады, себебі, ол өсімдіктерді де және әр түрлі қоректік деңгейдегі жануарларды да тағамға пайдаланады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi