Ордасын құру көкейімде көптен жүрген жобам болатын. Бірақ бұл ойым Астанада жүзеге асады деп әсте ойламап-
пын. Елбасы болашақ өнер шаңырағын Алматыда емес,
жаңа Астанада ашу қажеттігін айтты. Міне, осылайша
мемлекет басшысының қолдауымен университетіміздің
іргетасы елордада қаланды. Оқу орны 1998 жылы бұрынғы
Чайковский атындағы №1 музыка мектебі мен Ақмоланың
музыка колледжінің базасында құрылды. Әрине, ұлт
өнерінің үлкен шаңырағын көтеру жеңіл болмады. Білікті
мамандардың тапшылығын шешу, оларды орналастыру,
оқу
аспаптардың
ге шексіз.
білім ордасына керекті құрал-жабдықтар мен музыкалық
жетіспеушілігі,
аудиторияларының
аздығы, қаражат тапшылығы біраз қиындықтар туғызды.
Тәжірибе алмасу үшін шетелдік музыканттарды шақыру
міндеті де алдымызда тұрды. Осындай күрделі кезеңде
Елбасының сенімі мен қамқорлығы жанымызға демеу болды.
Қашанда өнерге қолдауын аямаған Президентке алғысымыз
Бізге оқуға түскен адам алғашқы білімін мектептен алып,
содан кейін колледжде шыңдап, әрі қарай бакалавриатта
жалғастырады. Мұндағы мақсатымыз – орындаушылық өнер
мен ғылыми-ағартушылық білімді қатар оқыту, жан-жақты,
білімді жастарды даярлау. Бұл шәкірттер арасында бәсеке-
лестікті туғызып, өнер жолында биік табыстарға жетуге
жетелейді. Оның нәтижесін көріп те жүрміз. Оқу орнымыз-
дан қанат қаққан талай шәкіртіміз сенімімізді ақтады. Жыл
сайын шәкірттеріміздің шетелдерде өтетін халықаралық кон-
-го курстарда топ жарып, жүлдегер атануы — мақсатымыздың
орындалып, үмітіміздің ақталғаны.
Қазір түлектеріміз Астанада ғана емес, республиканың
түпкір-түпкірінде жұмыс істейді, кейбіреулері шетелдерде
оқуын жалғастырып жатыр.
Білім ордасы Астанамен бірге көркейіп, дамып келеді.
Қайнаған тыныс-тіршіліктің орталығына айналған бас ша-
һар бізге де құтты мекен болды. Біз алда әлі талай биіктерді
е бағындыруға талпынатын боламыз. Ең бастысы, Қазақ ұлт-
тық өнер университеті қай жағынан да Астананың мәртебесі-
не сай болуы керек. Міне, басты мақсатымыз да осы.
(Айман Мусақожаева,
Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры)
71
IV БӨЛІМ, АСТАНА – МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР ОРДАСЫ. ЛЕКСИКА. Мәтінді оқып, түсіндірме (коментарий) жасаңдар.​

withoutbrainn withoutbrainn    3   07.12.2020 13:52    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi