• Қорқыт ата «Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел (дос) болмас» деген екен. Тарихи деректерге сүйеніп, Қорқыт өмір сүрген уақыттағы жаугершілік істерін
қарастырыңдар.
• Қорқыт атаның нақыл сөздеріне ұқсас қазақ мақал-мәтелдерін іздестіріңдер.
Олардың қазіргі қолданысына шолу жасап, жинаған ақпараттарыңды сынып-
тастарыңмен бөлісіңдер.
• Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі нақыл сөздерді жинақтап, Қорқыт атаның нақыл
сөздеріне мазмұндас, идеясы ұқсас сөздерге талдау жасап, кесте құрастырыңдар.
• Нақыл сөздерде айтылған құндылықтарды рухани және материалдық деп екіге
жіктеп, олардың бүгінгі таңдағы маңыздылығына баға беріңдер.
Бүгінгі таңдағы маңызы
Рухани құндылықтар
Материалдық құндылықтар