Бір ғасырға жуық мерзімде Қорқыт туралы жазылған ғылыми зерттеулердің саны бүгінде көптеп саналады. Сол ізденістерге ой жіберіп қарасақ, Қорқыт есіміне байланысты тарихи-мәдени жәдігерлер сан түрлі қырынан сөз болыпты. Қорқыт туралы көне мәліметті Хиуа билеушісі Әбілғазы Баһадүр ханның «Түрік шежіресінен» кездестірсек, одан бергі жердегі көрнекті зерттеушілері қатарында В.Бартольд, В.Гордлевский, И.Кастанье, В.Жирмунский, К.Иностранцев, А.Кононов, А.Самойлович, П.Спиридонов, А.Якубовский, Г.Араслы, М.Тахмасиб, Х.Короглы, О.Гокияй, М.Ергин, М.Кепрюлюзаде, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, А.Жұбанов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібай, басқа да ондаған қазақ ғалымдарының есімдерін атауға болады.