Определи наречия образа действия и меры приведенных примеров и подчеркни. Қасиетті туған жердің тау тасы да, топырағы да, талға біткен жасыл жапырағы да қымбат. Осыншама бағасы, құны байлықпен өлшенбейтін жасыл белдерді, асқар тауларды сүймеу мүмкін емес. Асыл армандарымызды әрқашан туған жермен байланыстырамыз. Себебі туған жер ол біздің ой өлшеміміз бойынша тарихы терең отанымыздың белгісі. Жер ана - қасиетті туған жер. Ол - біздің тылсым тарихымыз. Туған жер топырағын иіскеуге зар болып кеткен боздақтар қанша ма?! Туған жер үшін соғысқа түсіп туған жер топырағы бұйырмаған қандастарымыз қанша ма?!
Қазақстан бүгінде жер асты да, үсті де байлыққа кенелген тәуелсіз ел. Жері байдың елі бай деген осы болар. Еліміз тұғырлы мемлекеттер қатарынан көрінсін.