Описать ворону на казахском языке 8 -10 предложений

Lera5457 Lera5457    2   28.07.2019 03:10    0

Ответы
Clever23465 Clever23465  03.10.2020 15:01

Қара қарға (лат. Corvus corone) — торғайтәрізділер отряды, қарға тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Қара түсіне күлгін немесе қара қошқыл түс қосылып құлпырып тұрады. Денесінің ұзындығы 47 – 50, қанатын жайғанда ұзындығы 100 – 104 см, қанатының ұзындығы 30 см, құйрығының ұзындығы 20 см. Салмағы 400 – 600 г-дай. Тұмсығының жоғарғы ұшы төмен қарай иілген. Тұмсығы қауырсынмен жабылған. Қара қарғалар қорек талғамайды, кейде құстардың жұмыртқаларын жарып, балапандарын да жейді. Отырықшы құс. Ұясын ағаш басына кейде қамыс нуларына салады. Сәуірде ұясына 4 – 5 жасыл қоңыр дақты жұмыртқа салып, оларды аналығы 18 – 20 күн басады. Аналығы мен аталығы 30 – 35 күн ұядағы балапанын бірігіп қоректендіреді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi