Қонақжайлық - қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Қарағым, осыны ұмытпа, - деп әжем айтып отырады. Түс кезінде бізге шаршаған екі бала келді. Апа, біз алыстан келген жолаушы едік. Рұқсат болса, бауырымыз екеуіміз сіздерде қонып шығайықшы. – деп сұранды он төрт жастағы қыз.
Құдайы қонақ болсаңдар, төрге шығыңдар, қарақтарым, - деді әжем. Тағамның ең үлкені – ет болғандықтан, қазанға қазы-қарта, шұжық салынды. Ыстық бауырсақ пен жент, құрт жеп, қымыз бен шайды ішіп отырғанда: - Апа, сізді үйге келіп дәм татсын дейді, - деп көршінің баласы келді.
Әке-шешеңе айта бар, келмеді деп ренжімесін. Үйде қонақтар бар, - деді. Әжемнің «қонақтары» менен төрт-бес жас қана үлкендігі бар екі жолаушы бала. Тамақ ішіп отырған апалы-інілілерге іштей құрметпен қарадым. Жолы үлкен сыйлы қонақтар ғой! Переведите только не через переводчик. Чтобы можно было адекватно читать и понимать о чем говориться в тексте
Сейчас напишу в комментариях