қонақ үйдің сыртында, қасында екі- Түсіндірме сездік үш үлкен кісі бар, әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып Үлкен үй - бір отбасын- қалған бала щешесінің сондайлық дағы адамдардың үлкен- салқын сабырының мәнін ұқты да, дері тұратын үй, қара ша- өкесіне қарай тез бұрылды. ңырақ. Құнанбай қысқа ғана амандық Соқталдай зор денелі, сұрап: үлкен, дəу. Балам, бойың өсіп, ержетіп Кешелі ой-өрісі кең, қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бо- жөн-жосықты білетін, Фатиха - мұнда: бата. йыңдай боп білімің де өсті ме? - деді. Бала ес білгеннен бері қарай әкесі- нің қабағын танып өскен. Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім. Ол сабырлы, момын пішінмен: Шүкірлік, әке, деп біраз тұрды да, - ат барған соң, дәріс тамам болмаса да, хазіреттің рұқсатын, фатихасын алып қайттым, - деді. Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл ерте өзiр- леген жауабы еді. Әкесінің қасында тұрған Майбасар Абайдың жауабын ұнатып тұрып: - Өзі тіпті көшелі кісі боп қапты! - дей беріп еді, Құнанбай оның сөзін аяқтатпастан Абайға: - Бар, ана шешелерің жаққа бар, амандас, балам! - деді. Абайдың күткені де сол еді. Бала енді асығып, өз шешесіне қарай жақындай беріп еді, Қалиқа деген бір жеңгесі: Телғара! Айналайын Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау! - деп, мойнынан құшақтай алып, бетінен сүйді. Абайдың өз шешесі Ұлжан мен екінші шешесі - сұлу жүзді Айғыз қатар тұр екен. Бала топтан шыға бергенде, Айғыз күліп: - Пай, ...баламыздың бетінен сүйер жер де қалдырмады-ау, - деп таңдана күлді де, Абайды көзінен сүйді. Кезек өз шешесіне келгенде, ол сүйген жоқ. Қатты бір қысып, бауырына басып тұрды да, маңдайынан иіскеді. Ана құшағы!.. Ұлжан көп ұстаған жоқ. - Әжеңе бар, әнеки! - деп, үлкен үйдің алдына қарай бұрып жіберді. Кері әжесі Зере бейбіше таяғына сүйеніп, ұрсып тұр екен.


қонақ үйдің сыртында, қасында екі- Түсіндірме сездік үш үлкен кісі бар, әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғ

Yulduzka28 Yulduzka28    2   24.09.2021 17:04    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi