Қонаққа бару мәдениеті Қонақжайлылық-қазақ халқының бет-бейнесін ашар ерекше қасиеттерінің бірі. Бұл қасиет адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті арттыра түседі. Адамды тіліне, дініне, ұлтына қарамастан алаламай ас-дәм беру-қонайжайлылықтың белгісі. «Шақырған жерден қалма» деген ұстанымды ұран еткен жұрт қонаққа барғанда мына кеңестерді естен шығармағаны абзал. Сізді қонаққа шақырды делік, алып баратын сыйлығыңызға қоса үй иесіне арнап, гүл алуды да ұмытпаңыз. Шақырған жерге ерте немесе кешікпей дәл уақытында бару-мәдениеттіліктің белгісі. Ӛйткені тым ертерек болмаса кешігіп келу үй иелеріне де басқа қонақтарға да ыңғайсыз жағдай тудырады.Әрі мұны сыйламау деп түсінуі мүмкін. Дастарқан басында дұрыс отыра білу де тәрбиені кӛрсетсе керек. Айтылар әңгіме ортақ болуына да кӛңіл бӛлген жӛн. Осындай бас қосуда үлкен кісілер кӛрген-білгендерін жастарға ӛнеге ретінде ортаға салады. Кейде қонақтан ерте кетуге тура келеді. Ондайда басқалардың кӛңілі бӛлінбес үшін рұқсат сұрап, елеусіз шығып кеткені абзал. Қоштасарда үй иелеріне рақмет айтуды ұмытпаған жӛн. 1. Жоспар Кіріспе бӛлім/1/ Негізгі бӛлім/1/ Қорытынды бӛлім/1/ 2. Мәтін мазмұны бойынша екі сұрақ құрастырыңыз. 1-сұрақ:/1/ 2-сұрақ:/1/ 3. «Мәдениет» сӛзіне фонетикалық талдау жасаңыз. /2/

clydeofficial clydeofficial    3   30.10.2020 07:10    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi