Омонимін табыңдар: қой, кеңес.

NikuSonada NikuSonada    1   04.12.2020 13:24    2

Ответы
elvira1234123 elvira1234123  03.01.2021 13:48

Қой - омоним Қой - зат есім, төрт түлік мал

екіншісінде етістік болады мыс; Мына хаттарды үстел үстіне қой

Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.

Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.

Ат — жұмыс көлігі;

Ат — есім, атау;

Ат — етістік (бұйрық рай).

Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.

Объяснение:

Кеңес- омоним болмайды, көп мағыналы сөз

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi