Қолөнер – халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер
тарихы көшпелі өмірдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Халық шеберлері
ұлттық қолөнер мұраларын өмірге әкелді. Атап айтатын болсақ, ұсталар: найза,
қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері
киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау,
астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер
сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б.
жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан. Қолөнер қашанда
заман, өмір ағымымен бірге туындап, дамып отырады. Қазақ қолөнерінің өсу жолы,
өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақ
халқы кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің
тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы.
1.Мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.
Сұрақтар

Пианино555 Пианино555    2   12.05.2020 19:25    2

Ответы
Злата1616 Злата1616  14.10.2020 15:15

1-Ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен не даярлаған?

2-Қолөнер дегеніміз не?

3-Ұлттық қолөнер мұраларын кім дүниеге әкелді?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi