Ол бірнеше қабаттан тұратын шар пішіндес ғимарат. Алып «шардың» диаметрі 150
метр, жалпы аумағы 24 мың шаршы метрді құрайды. Шар тәріздес пішін жердің
биосферасын еске түсіреді. Болашақта бұл шар-ғимарат қоршаған ортамен үндес-
тікте өмір сүретін адамзат нәсілінің символына айналмақ.
ЭКСПО-қалашықтың көшелері күн мен жел энергиясын толассыз алу үшін
жоспарланған. Көрме қалашығының дәл ортасында орналасатын шар-ғимарат ал-
ыстан менмұндалап, көрменің мазмұны мен көркіне ерекше шырай бермек. Оның
айналасында халықаралық, тақырыптық және корпоративті павильондар салына-
ды. Тақырыптық павильондар «Қуат әлемі», «Өмірге қажетті энергия», «Энергия әркім үшін», «Менің болашақ энергиям» деп аталады.
Кешен аумағында Өнер орталығы, Үздік тәжірибелер аймағы, Конгресс-ор-
талық салынады. Үздік тәжірибелер аймағында баламалы қуат көздерін пайдала-
нудың ең озық мысалдары таныстырылады. Қазақстан павильонының құрылысы-
ның өзі қуат көздерін тиімді пайдаланудың үлгісі бола алады. Мысалы, оның ша-
тыры оңтүстікке қарай еңкейте салынбақ. Бұл күн сәулесін неғұрлым көбірек жи-
науға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, шатырда желден қуат алатын құрылғы ор-
натылмақ.
1-тапсырма (составить 3 вопроса по тексту)