Окылым Жерімізде барлығы 10 қорық бар . Әрине , мемлекетімізде географиялық зоналардын жекелеген аймақтарын табиғи қалпында сақтап , жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғайтын арнайы орындардын бары қуантарлық жайт . Дегенмен біздің кең байтақ жерімізге бұл қорықтардың аздық ететінін де ұмытпағанымыз абзал . Олай деуге себеп көп . Қасиетті қазақ жерінде таңғалып қарайтын дүниелер баршылық . Елімізде ұлт мәртебесін асқақтататын небір тарихи - мәдени орындар бар : киелі адамдардың кесенелері , әсем - әсем өзен - көлдер , тарихпен байланысқан ерекше таулар және солай - солай кете береді . Айтпақшы , жан - жануарлар мен өсімдіктер әлемі - ол өзінше бір бөлек такырып . Қазақстанда Қызыл кітапқа енген каншама жануарлар мен өсімдіктер бар . Олардың саны жыл санап артып келеді . Оған не себеп ? Олар тиісті деңгейде қорғалып жүрген жоқ . Ал қорық осының барлығын сақтап тұру үшін керек , Республикамызда мақтаныш сезімімен еңсемізді биікке көтеріп қарайтын дүниелер көптігін өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар ?! Бір сөзбен қазақ жерін сыр сандық деп атауға әбден болады . Солай емес пе ?! Оны барлығы мойындайды деп ойлаймыз . Сол рас болса туған өлкеміздің табиғат сыйлаған кұндылықтарын бірге қорғауға атсалысайык 1 - тапсырма . Сұрақтарға толық жауап жазыңы ( ) а ) Елімізде ұлт мәртебесін асқақтататын қандай тарихи - мәдени орындар бар ? ә ) Қорық не үшін керек ? б ) Бір сөзбен айтқанда қазақ жерін не деп атауға болады ?