Окылым Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Суды тазарту жолдары оның кандай заттармен және қаншалықты ластануына карай жүргізіледі.
Ерімейтін қоспалардан тұндыру немесе сүзу аркылы тазартуға болатыны сендерге белгілі. Еріген
қоспалардан суды айдау арқылы тазартады.
Ауыз суын табиғи суларды тазарту арқылы алады, ол үлкен қалаларды сумен қамтудың ең басты
мәселесі. Ол үшін табиғи суды алдымен тұндырып, содан кейін сүзгіден өткізіп алып, зиянды
бактериялардан тазарту үшін хлорлау және озондау өндістері колданылады. Осы үрдістердің барлығы
сумен жабдықтау стансаларында арнайы қондырғыларда жүргізіледі.
Мұнан баска ірі өндіріс орындарының өндірісте қолданған суларын да тазартпай ағын суға
жіберуге болмайды, сол үшін қатаң экологиялық шектеу қойылып, үнемі тексеру жүргізіледі. Соңғы
кездері суды тазарту үшін ион алмастырғыш шайырлар да кеңінен қолданыла бастады.
Дистильденген су - айдау арқылы тазартылған су, ол кұрамы бойынша жаңбыр суына жакын
болады. Дистильденген су арнайы зерттеу жұмыстарында, дәрі-дәрмек өндірісінде және автокөліктердің
аккумуляторларына электролиттер дайындауда қолданылады.
Өмір бойына ластанған суға тап болған адам оны ішу үшін суды қандай тәсілмен сүзу керек екендігін
ойластыра бастады. Бұдан шығу жолын судың өзі көрсетті. Судың жоғары температура кезінде
буна айналу қасиеті бар. Осындай әдіспен судың құрамында бар көптеген өзге болшектерден болу
шешілді. Бұндай суды тазалау үрдісі дистиляция, ал кұралдың өзі дистилятор деп аталды.
[10]
1. Судың жоғары температурадағы қасиетіне қатысты айтылған абзацты белгілеңіз.
это соч