Окылым.
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Тіrе білетін
және осы іске кызыккан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады. Қоғам дамыған
сайын сән, талғам туралы түрлі пікірлер мен түсініктер қалыптасып, киімдік стиль түрлері пайда
болды, сән дами бастады.
Классикалық стиль:
-Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы;
-Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары сапалы мата;
-Түстері қатты ашық емес және нәзік;
Аксессуарлары мен әшекейлері ұстамды;
Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы
киімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.
Романтикалық стиль – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік немесе нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп
көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі – қатпарлар, желбіреушелер, шілтерлер, банттар
жиынтығынан тұрады.
Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою-өрнектер,
кестелер, қол жұмысы кеңінен пайдаланылады.
Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап дамытуда.
1. Мәтінге ат қойыңыз
ws
2.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Стильдің қандай түрлері бар?
2. Сізге қай стиль ұнайды? Неліктен?
3. Берілген етістіктерді болымсыз түріне айналдырып, сөйлем құраңыз.
Сезіну, пайдалану, дамыту, тігу, қалыптасу