ОКылым 8-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтін мазмұны бойынша жоспар
құр.
«Сурет салуға деген ынтызарлығым мектепке бармай тұрып
басталған. Біздің кезімізде бүгінгідей техника жетістіктері жоқ.
Сиясауытымызға құйып алған сиямыз ойнап жүргенде үстімізге
төгіліп, малмандай болатынбыз. Соғыс қасіретінен халықтың
жағдайының нашарлауы менің сурет салуға деген құштарлығыма
еш кедергі бола алмады.
Тұңғыш көрмемді мектепке дейін үйдің қабырғасында
ашқанмын», - деп рақаттана күлді Қасымбек аға. — Сол кездегі
әліппеге басылған арыстан, жолбарыстардың суретін салып,
үйдің қабырғасына іліп, күллі ауылды көрмеме шақырдым.
Ауыл-үй түгел келіп көріп, мақтайды. Балажүрек мәз болады.
Сол кездегі суретімді қолпаштаған мақтаулар сурет әлеміне де-
ген сенімділігімді нығайтты.
Тіршілік дегенің ағын судай тоқтамайтын асығыс екен ғой?!
«Арманға қалай жетеміз?» деп талпынумен арпалысып жатқан
тіршілік бұл. Мұндай сәттерде ең жақын көмекшің қиял.
Көргеніңді қиялыңда тірілтіп, көз алдыңда қанатына мінгізіп,
жетелеп отырады», - дейді суретші.
(С. Қасымбектен)жоспар

кот933 кот933    2   24.01.2021 16:29    3

Ответы
lissden7 lissden7  23.02.2021 16:31

1)сурет салуға құштарлық

2)алғашқы көрме

3)"Арманға калай жетеміз?"

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi