Окушылар екі сұрактың (такырыптын) біреуін тандайды. Құрамы 50-60 сөзден тұратын жазба жұмысын орындау керек. 1. Сен «Уақыт» сөзінің мәні мен маңызын ойланып көрдің бе? Бәріміз бұл сөздің мән-магынасын білеміз, бірақ оның маңызы туралы аз ойланатын сияқтымыз. Халықта мынадай сөз бар: «Өмірдегі ең қиын үш нәрсе: сыр сақтау, уәдеде тұру және уақытты боска өткізбеу». Сен ең жақын досыңның бос уақытын қалай өткізетінін сипаттап, эссе жаз. (50-60 сөз көлемінде).

2. «Қазақстанның Қызыл кітабы» — Қазақстан Республикасы аумагында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым екені белгілі. Қызыл кітапқа енген қандай жануарлар мен өсімдіктерді білесің? Жауабынды сипаттап жаз. (50-60 сөз келемінде).​

IronGold IronGold    1   25.12.2020 19:10    0

Ответы
Bossak Bossak  24.01.2021 19:11

Объяснение:

Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда, соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті. Мәселен, 90-жылдардың ортасына дейін, 40 жыл бойы бөкен Қазақстандағы негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдар аралығында 800-900 мың бөкендер бар еді. 1998 жылы - 470 мың, 2001 жылы - 80 мың, ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды. Үкімет каулыларымен бөкендердің барлық түрін аулауға тыйым салынды. Бөкен Қызыл кітапқа енгізілген жоқ, бірақ осал, тіпті қиын-қыстау қауіп төнген түр мәртебесінде тұр. Оның санын қалпына келтіруде едәуір каржы салынып, аң шаруашылығы мен өзге ұйымдардың қарқынды күш жұмсауы қоса тапсырылды. Сөйтіп бөкен саны 30 мыңға жетті. Бірақ 2015 жылы бөкен ауруға ұшырап, 30 мыңнан бөкеннен 10 мың бөкен қалды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi