оказылым
9-тапсырма. Ертегінің жалғасын http: //
balalaralemi.kz сайтынан тауып оқып, мазмұнын айт.
Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар
екен. Ең үлкенінің аты - Асан, ортаншысының аты Үсен, ал
ең кенже баласының аты Хасан екен. Хасан өте сұлу, ақылды,
батыр, ақкөңіл бала болып өседі.
Патша ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде бір ғажайып құс
көреді. Құстың күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түседі, жыла-
са, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы
құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрып, Асан мен Үсенді
шақырып алып, осы құсты тауып келіңдер деп бұйырады. Әке-
сінен қорыққан Асан мен Үсен қайдан да болса тауып әкелетінін
айтып, жолға шығады.

dimatripolskiy dimatripolskiy    3   26.11.2020 17:49    40

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi