ОЧЕНЬ ВАС 2-тапсырма.Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстырыңыз.

Мәтіндер Тақырыбы Мәтіндегі негізгі ақпарат Мазмұны Аудиториясы
1-мәтін:

2-мәтін:
1-мәтін
Астана – Қазақстан Республикасының елордасы. Ол Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Қаланың ортасынан Есіл өзені ағып өтеді. Астана бұрын Ақмола деп аталған. Кеңес үкіметі кезінде қала Целиноград деген атауға ие болған. 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола Қазақстанның астанасы болып ресми түрде жарияланды. 1998 жылы 6 мамырда Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері тойы болды. 2006 жылдан бастап «Астана күні» 6 шілдеге ауысты. Жыл сайын осы күні біз «Астана күнін» тойлаймыз.
Астана – жас әрі сұлу қала. Астана қаласының бас символы – «Бәйтерек» монументі. Оның биіктігі – 97 метр. «Бәйтерек» монументі – Есілдің сол жағындағы алғашқы сәулет туындысы. Астанада көптеген саябақтар, жаңа ғимараттар бар. 2001 жылы 8 қыркүйекте «Қазақстан картасы - Атамекен» тарихи – этнографиялық кешені ашылды. Саябақта Қазақстанның барлық қалалары мен тарихи ескерткіштер көрсетілген.
1999 жылы Астана қаласы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем қаласы» атағына ие болды.

2-мәтін
1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» жарлық шығарды. Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді.
Ең алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары» фабрикасында басылып шықты. Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары дайындалған. Оларды төрт ИЛ-86 ұшақтары тасыды. Алғашқы теңгелер жер асты қоймаларынан елдің барлық банктеріне 8 күн ішінде жеткізілген.
1995 жылы Алматыда өз банкнот фабрикамыздың тұсауы кесілді. Қазір Тәуелсіз Қазақстан төл валютасын өз елімізде басып шығарады.
Ұлттық валютада елдің өткені, бүгіні және болашағы бейнеленді.

Killkor3000 Killkor3000    2   12.02.2021 14:09    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi