очень очень нужно, кто шартты за казахский вот сам стих
Оюлар.
Түрін-ай текеметтің! Асыл қанда!
Үңілдім үнсі ғана басымды алмай.
«Келе ғой қошақаныи,өзіме!»-деп,
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.

Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,
Тұрғандай ана көңіл тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан
Қазақтың қошқармүіз өрнектері.

Аңсаумен күнім өтті қанша менің,
Желбауда,басқұрда ма аңсау емім.
Әжемнің көзіндей бұл оюларды
Таба алмай дала кезіп шаршап едім.Елестеп көз алдыма сән шақтарыи,
Келгенде құлағыма
аңсатқан үн.
Түрінен текеметті көріп тұрмын,
Әжемнін тарамыс саусақтары.
Шебер көп бұл заманда кіпең керім,
Болмайпын ажыратып түр өңдерін.
Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан
Әжемнің оюындай, жыр өрнегім.

Болаодай басқұр,өрнек маған медет,
Белгісі балғын шақтың қарар жебеп.
Сүйеніп түскиізге тұрып қаппын,
Көз жазып оюлардан қвлам ба деп.
Мөлдір шық жасырынды жанарға кеп
.
(Фариза Оңғарсынова)​


очень очень нужно, кто шартты за казахский вот сам стихОюлар.Түрін-ай текеметтің! Асыл қанда!Үңілдім

aliceoliver443 aliceoliver443    1   29.04.2021 10:30    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi