Қобыз неден жасалды соған орай мәтін
өтінемін көмектесіңдерші ертең жіберуім керек​

ARMY2002 ARMY2002    2   17.11.2020 16:52    0

Ответы
карыч19 карыч19  17.12.2020 16:52

Қобыз — таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Қобыз қазақ халқының ең көне аспаптарының бірі болып табылады.

Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын-қыстау болды. Бұл аспап қазақ халқының тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерін күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұра бола тұра, ол өзіне деген кертартпа ескілікті көзқарастан арылмай ақталмай-ақ қойды. Әу бастан-ақ қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы деген пікір қалыптасқан болатын. Сондай бір түсінбеушіліктің кесірінен қобыз жаңа заман көшіне ілесе алмай ескіліктің қалдығы саналып жоғалып, жойылып кетудің алдында қалды дейді А. Затаевич. Дегенмен жоғалып жойылып құрып кетуге жақын қалған қобыз ойнау өнерін өмірге қайта оралтып «шаң басқан уақыт» пернесін ашуға жасалған шаралармен ізденістер, талпыныстар болмай қалмады. «Қобыз - қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көнесі. Оны жасау үшін алдын-ала дайындалған бөренені бес-алты ай көлеңке жерде кептіреді. Қобызды қарағаш, теректен шабады. Қобыз жақсы болуы үшін ағаш қатты болмауы керек. Ел арасында қобыздың нар қобыз, қыл қобыз, зар қобыз түрлері кездеседі», дейді

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi