Қоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екеміз?!
* * *
Ел жазылып жайлауда,
Жақсылар кеңес құрғанда,
Мұртымыз өрге шаншылып,
Бұрын да сөйлер ме екеміз?!
* * *
Жарлауға біткен жапырақ
- Жамылсақ, тоңар ма екеміз?!
Жазыққа біткен бүлдірген –
Сұғынсақ, тояр ма екеміз!