І. Оқылым
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, астында берілген тапсырмаларды орындаңыз.

Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады.
Отандастарымыз басым бөлігі жылдағы демалыстарын Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлде, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып өткізіп жүр.
Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге өз елімізде де мүмкіндік бар. Қазақстанның Туризм және спорт агенттігі бүкіләлемдік туризм ұйымымен бірлесіп, сыртқы және ішкі туризмді дамытудың тиімді бағыттарын айқындап, соның бірі ретінде экологиялық туризмді атап көрсеткен. Экологиялық туризмге қатысты елдегі мүмкіндігі жоғары аймақтар ретінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары белгіленді.
Елімізде бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Алайда көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын сенімді түрде айтады. Өйткені туризмнің дамуы бірінші кезекте саяхаттауға барлық жағдайдың жасалуына байланысты. Сол себепті сыртқы елдерге шығатын туристер саны әлі де басым болып отыр.
Соңғы кездері Қазақстан саяхатына шетелдік қонақтар қызығушылық танытуда. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастады деп түсіндіреді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуіне мүмкіндігі бар деп есептеледі.

1. Мәтінге ат қой. [ ]


2. Мәтін не туралы? [ ]
A) Еліміздегі туризмнің аса жетілгендігі туралы.
B) Отандық турзмді өркендету жолдары туралы.
C) Тек ішкі туризмнің өзгеше ұтымдылығы туралы.
D) Шетел саяхатының аса дамығандығы туралы.

3. Мәтіннен 5 тірек сөзді теріп жазыңыз. [ ]
1)
2)
3)
4)
5)

4. Шетелде демалатын туристердің көптігі жайлы мәтіннің қай бөлігінде айтылған? [ ]
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4

ІІ. Айтылым
Тапсырма. Сурет бойынша мазмұнын ашып әңгімелеңіз. [ ]

ІІІ. Тыңдалым
Тапсырма. Аудиомәтінді тыңдаңыз. Суырыпсалма ақын болу үшін қажетті қасиеттерді жазыңыз. [ ]

ІV. Жазылым
Тапсырма. Екі тақырыптың біреуін таңдаңыз. Таңдаған тақырып бойынша эссе жазыңыз. (40-50 сөз) [ ]

1) «Қазақстанның әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуіне мүмкіндігі бар».
2) «Қозы Көрпеш – Баян сұлу – махаббаттың символы»​

Наркодилер Наркодилер    3   18.05.2020 06:50    13

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi