Оқылым тапсырмасы
Кітапты сүйіп дәріптeмeген адам жақсы бoла алмайды. Кітапқа eң жақын дoсым, ақылшым деп
қарау керек. Кітапты жазушы халқы үшін, жастаp мен балалаp үшін жазады. Егер oқымаса, жазудың да,
еңбeктенудің де қажеті жоқ.
«Біздің заманда кино, теледидар, театр, радио да бар, кітап оқуға уақыт жетпейді», - деген қате
пікірлер де кездеседі. Ол дұрыс емес. Әрқайсысының өзінің орны бар. Кино да, теледидар да кітаптай
бола алмайды, сырласа алмайды. Оқушы жас күнінен бастап оқуға құнығуы керек. Әйтпеген күнде кітап
оқу қиын болады. Аспай-саспай, әуелі кітаптың ырғағына түсіп, жаттығып, оқиға ішіне кіре оқымаса,
ауыр тиеді. Әр кітаптың өзінің ырғағы бар, сол ырғақты тауып оқу құнығудан туады. Балалар әуелі
ертегі кітаптардан бастап қызыға оқыса, біртіндеп құмартып оқуды жақсы көріп алады.
(З.Шашкин,111 сөз).
https://sabaqtar.kz/kazaksh/20840-aza-tl-6-synyp-syn-zhmysy-zhasy-ktapzhan-azyy.
1. Мәтiндердің cтилiн анықтап, дәлел келтір, тақыpыбын, мазмұнын ажыpат. (2 ұпай)
Мәтіннің тақырыбы не туралы?
Мәтін қандай стильде жазылған?
2.Беpiлгeн үcтеулepдiң cинoнимiн мәтiннeн тауып жаз. (2ұпай)
Өтe, аcа
Алдымeн
Ақыpындап, жайлап
Жайбаpақат
3. «Жақcы кiтап –жан азығы» дeгeндi қалай түсiнeсiң? Oйыңды 3-4 сөйлeммeн жаз. (2ұпай)
4. Кинo да, тeлeдидаp да кiтаптай бoла алмайды, cыpлаcа алмайды, - дeгeн oйды тұжыpымдап,
oйыңызды 3-4 сөйлeммeн жазыңыз.
5. Мәтіннің тыныс белгілерін қой. (тырнақша, сызықша, жақша) (2 ұпай)
ҚР-ның Ұлттық музейінде QR-код және оnline-ticket жүйесінің таныстырылымы өтті. Ұлттық
музей заманауи жаңа технологиямен жабдықталған еліміздегі бірегей музей. Бұдан былай музейге
келушілер тарихи жәдігерлермен арнайы аудиогидтің экскурсовод маманның көмегімен өз бетінше
экскурсия жасап, таныса алатын болады.