Оқылым Тапсырма

Берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]

А мәтіні

Қазір ақпарат құралдарында, теледидар арналарында Қазақстандағы халықтар

достығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріледі. Қазақ ежелден

бауырмал, ұлт-нәсіліне қарамай, жалпы адамзатты жақсы көреді. Ұлы Абайдың

«адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» дейтін қағидасы бар емес пе?! Адамдар арасындағы

сүйіспеншілік пен махаббатты қасиетті дініміз ежелден уағыздап келеді. Бойында

бауырмалдық, қонақжайлылық, кеңпейілділік бар ұлт қана ынтымағы жарасқан елге

айналады. Кеңес үкіметі тұсында да ұлтаралық достықты басты ұстаным етті ғой. Сол

кезде қалыптасқан халықтар достығы қазірде жалғасып жатыр. «Қазақстан – жүз ұлттың

Отаны» деген қағиданы біз жүрегімізге құйып өскен ұрпақпыз. Тәуелсіздіктен кейін ол

өзгеше сипат алды. Бұл күнде Ассамблея атқарып отырған жұмыс сан алуан. Өзінің алға

қойған мақсатты жобалары, шаралары бар. Достықтың Отаны – Қазақстан гүлдене берсін!

(akikat.kazgazeta.kz/2015/03/№3-АК)

1. Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. [2]

Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс

1.Біздің халқымыз бойында бауырмалдық, қонақжайлылық,

кеңпейілділік қасиеттерді бойына сіңірген халық.

2. Қазақ ұлт-нәсіліне қарап адамзатты құрметтеген.

3. Кеңес үкіметі тұсында ұлтқаралық достастыққа аса мән берілген

жоқ.

4. Ассамблеяның алға қойған мақсатты жобалары бар.

2. Ұлы Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй» дейтін қағидасын қалай түсінесіңдер?

Ойыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.

[3]

Ә мәтіні

Қазіргі кезде адамға ең жетпейтін нәрсе – уақыт. Тіпті асты да асығып ішетін болдық.

Уақыты жоқ адамдар үшін тез дайындалатын тағамдарды тұтыну ыңғайлы болып тұр.

Олар – фастфуд тағамдары. Фастфуд сататын дүкендердің әдемі жарнамалары көздің

жауын алып, адамның тәбетін барған сайын аша түседі, алайда ол өте қауіпті. Әсіресе,

балаларды кішкентай кезінен бастап мұндай тамақтарға үйретпеген жөн.

Фастфуд деген не? Сөзбе-сөз аударғанда «жылдам дайындалатын ас» деген

мағынаны білдіреді. Көшедегі шаурма, хот-дог, бургер тәрізді азыққа қоса, чипс сияқты

ұсақ-түйек тағамдарда фастфуд өніміне жатады. Мамандардың айтуынша, фастфуд пен

тамақтануға мүлдем болмайды. Олардың құрамында май мен консервант көп болғанымен,

дәрумен мүлдем жоқ. Фастфудты көп тұтыну адамды психологиялық және химиялық

жағынан тәуелділікке әкелуі мүмкін. Өйткені аталған өнімге оның дәмін күшейтетін

арнайы дәмдеуіштер қосылады екен, сондықтан тұтынушыларды өзіне тартып тұрады.

Фастфудқа үйір жандар асқазан жарасы немесе созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы
безінің қабынуы, жүрек-қан тамырлары аурулары, семіздік, қан қысымы, сусамыр

ауруларына шалдығуы мүмкін, сондықтан көшеде даярланатын тағамдарды таңдап, талғап

жеген дұрыс. «Ауру – астан» деген дана қазақтың сөзі бекер айтылмаған.

1.Мәтіннен септеулік шылауларды теріп жазыңыздар:

Адамдар үшін,

[1]

2.Мәтіннен жалғаулық шылауларды теріп жазыңыздар:

[1]

3. Фастфуд тағамдарының зияны деген тұжырыммен келісесіз бе? Келісу-келіспеу

себептерін 5-6 сөйлеммен білдіріңіз.

[3]

Жазылым

Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми)

қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме немесе хат) одағай мен шылау

түрлерін қолданып жазыңыз.

Одағайлар: Пәлі, алақай, бәрекелді, қап, әттеген-ай, тәйт, тек т.б.

Шылаулар: үшін, кейін, дейін, шақты, жуық, да, де, және, мен, не, немесе, бірақ, себебі,

өйткені, алайда, ма, ме, ба, бе т. б.

[10]

1. Қолындағы телефонға шүйлігіп, балабақшадан ертіп келе жатқан қызына көңіл

бөлмеген әкесіне сөзін жеткізе алмаған бала: «Құдай, мені телефон қылып жаратқаныңда

ғой. Әкем маған ғана қараушы еді» - деп іштей жалбарыныпты.

«Әлеуметтік желінің әлегі» - деген пікірді жоққа шығарып немесе жақтап, сюжетті әңгіме

жазыңыз. Әлеуметтік желінің пайдасы немесе зияны туралы дәлел келтіруге тырысыңыз.

Өз көзқарасыңызды бір жақты ұстаныңыз.

2.Тамақ өнімдерін шығаратын мүмкіндіктерің болса, ең алдымен нені қолға алар

едіңіздер? Одағайлар мен шылауларды пайдаланып, эссе жазыңдар.
СОЧ​

KalipsoMirai KalipsoMirai    3   12.03.2021 14:51    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi