Оқылым Тапсырма Мәтінді мұқият оқып , төмендегі тапсырмаларды орындаңыз . Ұрлық Бұрын бір ел болыпты , халқының бәрі ұры екен . Кеш батса болды , көршісінің үйіне ұрлыққа түседі екен . Ұрылар үйіне келсе , олардың да үйін де біреулер тонап кететін көрінеді . Ұрылар елі осылайша өмір сүріпті Бір күні осы елге бір адал кiсi көшіп келеді . Әлгі адам кешті өз үйінде кітап оқумен өткізеді . Түн болғанда ұрлыққа келген ұрылар шамы жанып тұрған үйден адамды көреді де , өз жөндеріне кетеді . Осылайша біраз уақыт өтеді . Енді жұрт адал адамға ренжи бастайды . Адал адам жұрт тілегіне қарсы келе алмай , ол да кеш бата үйінен кетіп , таң ата оралып жүреді . Тек жұрт сияқты ұрлыққа бармайды . Ол түнді өзен жағасында аспандағы айға , ағып жатқан суға қарап , көпір үстінде өткізіп жүреді . Таңертең үйіне келсе , ұрылар үйін тонап кетеді екен Біраз уақыттан кейін адал адам кедейге айналады . Ал ұрлықпен айналысып жүрген отбасылар байып , ұрлықпен айналыспайтын болады . Адал адамның үйіне ұрлыққа түскен ұрылар ештеңе таба алмай кедей бола бастайды . Байығандар адал адам сияқты түнде табиғатты тамашалап көпір үстінде жүруді әдетке айналдырады . Осыдан қала халқы бай , кедей болып бөлінеді . Енді бай адамдар өздері ұрлық істемейді , бірақ кедейлерге ұрлық істетеді . Осылайша байығандар одан әрі байып , кедейлер кедейлене береді . Бірте - бірте байлар өздері ұрлауды да , өзгелерді ұрлыққа жалдауды да қояды . Бірақ енді байлығын ұрылардан қорғауды ойлайды . Содан ақылдаса келіп , сақшы жиып , түрме салады . Арада біраз жыл өткенде әлгі қаланың тұрғындары « ұрлық » деген сөзді ұмытады . Өздері ұры болса да , енді олар « бай » , « кедейміз » дейді екен . Сонда баяғы адал адам ғана өзгермеген еді . Бірақ ол да ұзамай өмірден өтіпті . Елдің айтуына қарағанда аштан өліпті 1 - тапсырма Мәтіннен
1 қоғамдық , 1 тұрмыстық мәселені анықтаңыз .
1 . 2 2 - тапсырма Мәселенің бірін таңдап , бүгінгі заман көрінісімен байланыстыра отырып , өз пікіріңізді 4-5 сөйлеммен түсіндіріңіз .
3 - тапсырма Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз . Жазу кезінде тыныс белгілерін ескеріңіз . 1. Қоғамдағы құқықтық сауаттылықты қалай арттыруға болады ?
2. Еліміздегі балалар құқығы қалай қорғалады ?
3. Өз құқығын білмеудің салдары қандай болады ?
эээм а что так много ? ._.