Оқылым Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]

«Көк бөрі» дастанында берілген аңыз

Баяғыда Со деп аталатын бір ел болыпты. Олардың көсемі аса қайырымды, әрі асқан батыр Қапан-пу деген жан екен. Батырдың өзіне өте жақын, әрі оған берілген он алты бауыры болыпты. Солардың біреуінің анасы бөрі екен.

Бір күні елге жау шауып, жүрттың бәрін қырып салады. Тек әлгі анасы мен бөрі баласы ғана бір қуысқа жасырынып тірі қалады. Ақыры ол ер жетіп үйленеді. Екі әйелі болады. Әйелдерінің біреуі — қыс Тәңірісінің қызы, ал екіншісі — жаз Тәңірісінің қызы екен.

Арада талай күндер, айлар, жылдар өтеді. Екі әйелдің әрқайсысы екі-екіден ұл балалар табады. Солардың ең түңғыш баласы ерекше күшті, қайсар, мықты болып өседі. Оған күші тең келетін бұл елде жігіт жоқ екен. Сол үшін оған халық «Түрік» яғни күшті, мықты, ержурек деп ат қойыпты.

Бүкіл түркі халықтары сол „Түріктің» үрпақтары екен. 127 сөз

1. Мәтіннің 3-бөлігінің негізгі ойы қандай? [1]

A) Арада талай күн, ай, жыл өтуі – үлкен тарих.

B) Екі әйел алу –ежелгі дәстүр

C) Түркі халықтары ерекше күшті, қайсар, мықты батырдың ұрпақтары.

D) Арғы тегі Бөрі Анадан тарағандықтан мықты.

2. Мәтін қай түрде берілген? [1]

A) әңгіме

B) аңыз

C) мақала

D) эссе

3. Мәтін қай стильде берілген? [1]

A) ғылыми

B) көркем-әдебиет

C) публицистикалық

D) ресми

4. Мәтінге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз. Тақырыпты ескеріңіз және тұжырым жасаңыз. [3]

5. Көк бөріні киелі санап, оны құрмет тұту қазақ қауымы арасында соңғы кезге дейін сақталып келген. Ал, мұның бір көрінісін қазақтың батырлар жырынан аңғаруға болады. Мәселен, „Ер Тарғын» жырында батырдың ерлігін төмендегідей етіп сипаттайды:

Мінді батыр еріне,

Іздеген жауға көріне,

Келген қалмақ жолықты Тарғын сынды бөріге.

Ай бетінен кіреді Күн бетінен шығады.

Қойға кірді бір бөрі Бөріктіре қырады.

Талай қалмақ қүлады (117, 136).

Осы үзіндіге сүйеніп қандай қорытынды ой айта аласыз? Өзіңіздің сыни пікіріңізді 3-4 сөйлеммен білдіріңіз. [2]

6. „Көк бөрі» дастанында бұлардан басқа да түрлі аңыз- хикаялар бар. Әйтсе де бәрінің негізгі айтар ойы — ежелгі түркілердің ата-тегі бөрі деген түйінге келіп саяды. Сіз осы түйінге келісесіз бе? Өз көзқарасыңызды із осы түйінге келісесіз бе? Өз көзқарасыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз. [2]

7. Жазылым

Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орфографиялық нормаға сай орындаңыз. [5]

1. Аудандық «Жаркент өңірі» газетіне «Оқушы бойында адамзаттық құндылықтарды қалай қалыптастырамыз?» тақырыбында шағын мақала жазыңыз.

2. Сіз сынып сағатында «Мектеп оқушысына қандай құндылықтар ауадай қажет?» тақырыбында баяндама оқығалы отырсыз. Баяндамаңыздың жалпы мазмұны бойынша қысқаша жазба жұмысын жазыңыз.



Браство Браство    1   03.11.2020 08:50    4

Ответы
danilpetuhuv03 danilpetuhuv03  03.11.2020 09:00

yd7td7td7tx75dutxur 64

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi