Оқылым. Тапсырма Мәтінді екі рет оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қазақстандық үлесті молайтуда оң тәжірибелерді жаңғырту, өзара тиімді меморандумдар қабылдау көзделген бағытқа жол ашпақ. «Қазақстанда жасалған» акциясының бастау алатыны жергілікті тауар өндірушілерді қолдаумен қатар жалпықазақстандық патриотизмге жаңа екпін берді.
Елбасы өнімнің сапасын арттыру бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік беретінін атап айтты. Сондықтан да қазір еліміздің барлық өңірлерінде табиғи азық-түлік брендін қалыптастыру жұмыстары қолға алынды.
Соңғы уақытта елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық бағдарлама бойынша көптеген жобалар қолға алынды.
Егемен елімізде жеңіл өнеркәсіп көпсалалы өндірістің қатарына жатады. Оған тоқыма, тігін, мақта, мата, былғары тері илеу салалары кіреді. Сөйте тұра, аса қажетті бірінші кезектегі тауарларды шетелден әкелеміз. Қалай болғанда да импортқа тәуелдіміз. Ал, сарапшы мамандардың айтуы бойынша экономикалық тәуелділіктен арылу үшін біз өзімізді кем дегенде 30 пайыз тауармен қамтып отыруымыз қажет көрінеді.
Қазақ эстрадасының танымал жұлдызды жұбы Қыдырәлі Болманов пен оның жұбайы Қарақат Әбілдина отандық ойыншық өндірушілерді қолдауға бағытталған «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдады.
"Balbala" атты отандық ойыншық шығарып, оны бренде айналдырған Қарақат пен Қыдырәлі бүгінгі күнде тағы бір отандық өнімді шығаруға кірісіп кетті. Танымал продюсер әрі кәсіпкер енді шұлық өндірумен айналыспақ ниетте. Отандық фабрикада шығарылатын шұлыққа Болманов “Бал-бала” брендінің атауын беріпті. Кәсіпкердің айтуынша, 100% таза мақтадан жасалатын шұлық Шымкент фабрикасында өндіріледі.
Мәтіннен берілген сөздердің синонимін табыңдар.
жетекші
жәрдемдесу
көбейту
дүние жүзі
аймақ
белгілі
Бос орындарға керекті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.
Тәуелділіктен /азық-түлік / отандық өнімдерге/
Барлық қазақстандықтарды «Қазақстанда жасалған» атты акцияны жүзеге асыруда қолдау білдіруге шақырды.
В. Қазір еліміздің барлық өңірлерінде табиғи
брендін қалыптастыру жұмыстары қолға алынды.
Сарапшы мамандардың айтуы бойынша экономикалық арылу үшін біз өзімізді кем дегенде 30 пайыз тауармен қамтып отыруымыз қажет.
«Қазақ радиосының дикторлары» тақырыбында диалог құрастыру. Жауап беруде сөз әдебі және сөйлеу этикеті формаларын қолданың.