Оқылым Олимпиада ойындары Бақтияр үшін сәтті басталды, ол «жеңімпаз» атанды. Алдыңғы финалда камерундық Вили Бертрана Танке шаршы алаңға шықпай қойды. 1/8 финалда түрікменстандық Алиаскер Башировты отыз үш те жиырма үш есебімен жеңді. Ширек финалда бар жігерін жинап, украиндық Виктор Поляковты отыз үш те он үш есебімен тізе бүктірді. Бақтияр Артаев жартылай финалда танымал ресейлік боксшы, олимпиадалардың екі дүркін чемпионы, Баркер кубогінің иегері Олег Саитовқа қарсы шықты. Небәрі 21 жастағы Бақтияр олимпиада ойындарының фавориті, тәжірибелі Саитовты жиырма да он сегіз есебімен жеңіп, финалға жетті. Бақтиярды финалда екі дүркін әлем чемпионы кубалық Лоренцо Арагон күтіп тұрды. 15 жыл ұтылмаған Лоренцо Арагон
финалда Бақтияр Артаевтан отыз алты да жиырма алты есебімен жеңіліп қалды.
Сөйтіп, Бақтиярдың бағы жанды, бәрін басып озып, жүлделі болды
1. Мәтін мазмұны бойынша 1 «бұрыс» ақпаратты белгіле. [1]
№
Мәтіндегі ақпараттар
дұрыс
бұрыс
1
Олимпиада ойындары Бақтияр үшін сәтті басталды, ол «жеңімпаз» атанды.
2
Бақтиярды финалда екі дүркін әлем чемпионы кубалық Лоренцо Арагон күткен жоқ.
3
Алдыңғы финалда камерундық Вили Бертрана Танке шаршы алаңға шықпай қойды.
2. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастыр. [3]
Мәтіндегі ақпараттар
Реті
Сөйтіп, Бақтиярдың бағы жанды, бәрін басып озып, жүлделі болды
Алдыңғы финалда камерундық Вили Бертрана Танке шаршы алаңға шықпай қойды.
Бақтиярды финалда екі дүркін әлем чемпионы кубалық Лоренцо Арагон күтіп тұрды.
3. Сұраққа толық жауап бер. Боксшы болу үшін қандай қасиеттер қажет? [1]