Оқылым. Мәтiнді мұқият oқыңыз. Төмендe беpiлген тaпсырмaларды opындаңыз. Внимательно прочитайте текст, выполните задание.

А мәтіні

Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан.Ол 1926 ж. құрылған.
Ақсу-Жабағалы қорығы алуан түрлі өсімдіктер мен жануарлар, құстарға бай. Мұнда жеміс-жидек, Альпі шалғыны, дәрілік өсімдіктер т.б. өседі. Қорықтың символы – Грейг қызғалдағы. Қызғалдақ, сарғалдақ алғаш Ақсу-Жабағалыда өсірілген.
Қорықтың таулы бөлігі – мәңгілік мұздықтар. Ондағы түпсіз, көгілдір, мұздай тау көлдері айнадай шағылысады. Тік жартастардан сарқырамалар ағады.

В мәтіні

Табиғатым, тіршілігім, ырысым,
Сенсіз менің тарылады тынысым.
Биік - биік тауларыңа қарасам,
Алшаң басып, түзеледі жүрісім.

Сенсің менің тазалығым, тұнығым,
Сенсіз менің үзіледі үмітім,
Сен бар жерде жыр тұнады көңілге,
Сен бар кезде құлшынамын өмірге.

О, адамзат аялашы, қорғашы,
Өзің туып, өзің өскен ортаны.
Келе жатыр талай сәби өмірге,
Ең болмаса соның жайын ойлашы.

( Рабиға Ізбасарова)

Мәтіндердің стилін, түрін, тақырыбын анықтаңыз/определите стиль, вид , тему текста

Салыстыру аспектілері А мәтіні
В мәтіні

Стилі
Түрі
Тақырыбы

[3]

3. Екі мәтінге ортақ тақырыпты көрсетіңіз/ Укажите общую тему для двух текстов
А) Ауыл мен қалалар
В) Қазақстан қалалары
С) Өсімдіктер мен жануарлар
Д) Отан
[1]

А мәтіні
4. Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз/ Определите из приведенных выводов одну «ложную» информацию.

Тұжырым Шын Жалған
А Қызғалдақ, сарғалдақ алғаш Ақсу-Жабағалыда өсірілген.
В Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық.
С Теңіз деңгейінен 2000 м-ден 5280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан.

[1]
А мәтіні

5. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз/ Расставьте предложения по порядку по содержанию текста (1, 2, 3).

А Қорықтың таулы бөлігі – мәңгілік мұздықтар.
В Ақсу-Жабағалы қорығы алуан түрлі өсімдіктер мен жануарлар, құстарға бай.
С Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан.

[3]
6. Сұраққа толық жауапты А мәтіннен тауып жазыңыз/ Найдите и напишите полный ответ на вопрос в тексте А.

Ақсу-Жабағалы қорығы нелерге бай?

[1]

Жазылым.

Берілген тақырыптар бойынша тірек сөздерге сүйене отырып, эпитет теңеу қолданып, эссе жазыңыз. 90-100 сөз. Используя ключевые слова напишите эссе на одну из предложенных тем. Используйте эпитеты и сравнения.

Табиғатты аялайық!
Құстар мен жануарлар әлемі
Қазақстан қорықтары

Тірек сөздер:
1. табиғаты сұлу, ну орман, шалғын шөп, кең дала,
2. жыл құстары, орманда бұлбұл сайрайды, жабайы жануар, ұя жасаймын
3. алғашқы қорық, өзен жағасында, өсімдіктер өседі, әйгілі қорық.

noname1372321 noname1372321    2   24.12.2020 12:55    3

Ответы
oksana1410 oksana1410  23.01.2021 13:01

Объяснение:

1

1стилі-ғылыми

2стилі-көркем әдебиет

Тақырыбы:Табиғат

3Отан

4шындык

Шындык

Жалган

5 С, В, А

6. АКСУ-ЖАБАГЫЛЫ қорығы өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлеріне бай.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi