Оқылым МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
-тапсырма. Мәтінді оқы.
Аяулы әкетайым, мен сіздің жүзіңізден шексіз махаббат көрдім, сізге
ерекше еркеледім.
Сізді мақтан етемін, құрметтеймін. Менде өзіңізге деген сенім қа-
лыптасты. Сізден жауапкершілікті үйрендім. Бізді: «Үлкендерге
Сәлем беріңдер», «Қолында ауыр заты болса, көмектесіңдер», «Өтірік
айтпаңдар!», «Ұрлық жасамаңдар!», «Намысты болыңдар!», «Қиындыққа
шыдаңдар!» «Жасырын, жаман істен аулақ болыңдар!» деп,
тәрбиеледіңіз.
Сізді қатты сағындым, аяулы әкем!
АЙТЫЛЫМ
-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап бер.
1. Мәтін кімнің атынан жазылған?
2. Мәтінде автордың қандай сезімдері көрінеді?
3. Әке мен бала арасындағы қандай қатынас байқалады?
4. Мен неге өткен шақта баяндалған? Ойыңды дәлелде.
5. Әненің айтқан сөздерінің мағынасын қалай түсінесің?