Оқылым. Мәтінді түсініп оқыңыз. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз. (Прочитайте текст. Выполните задания которые указанные ниже.)

Сәлеметсің бе, құрметті досым, Әнуар! Денсаулығың, сабағың жақсы ма?
Отбасың аман ба? Өзім туралы айтсам, үй-ішім аман, сабағым жақсы.. Осы хатымда
саған тарихтағы батыр әйел Тұмар патшайымның ерлігі туралы айтқым келеді.
Сақ патшайымы Тұмарға парсы патшасы Кир кісі жіберіп, өзіне тұрмысқа
шығуын сұраған екен. Бірақ бұл – әрекет соғыс ашу үшін Кирдің ойлап тапқан
амалы еді. Өйткені Тұмардың келісім бермейтінін ол жақсы біледі. Сақтар парсылар
жеңілді деген оймен жеңістерін тойлай бастаған еді. Сол кезде парсы әскерлері
кенеттен шабуыл жасайды. Кир Тұмардың ұлы Спаргапты тұтқынға алады. Тұмар
патшайым Кирге кісі жіберіп, ұлын босатуды сұрайды. Бірақ Кир Спаргапты
босатпайды. Тұтқынға түскен Спаргап өзін-өзі өлтіреді. Бұл хабарды естіген Тұмар
патшайым ашу-ызамен Кир әскерімен соғысады. Нәтижесінде массагеттер
парсыларды жеңеді. Осы шайқаста Кир де қаза болады. Тұмар патшайым Кирдің
басын кесіп алып, оны қан толған ыдысқа батырады.
Әнуар, тарихымызда ерлік көрсеткен аналарымыздың батырлығын біліп
жүргеніміз қандай жақсы! Сен де осындай қызықты тарихи оқиғалар туралы білсең,
менімен бөлісуіңді өтінемін. Хат күтемін. Сау бол!
1-тапсырма. Тест тапсырмасын орындаңыз
1.Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз (Определите тему текста)
А. Ерлік
В. Қуаныш
С. Махаббат
D. Адалдық
2. Мәтінде кімнің ерлігі көрсетілген? (Чей подвиг указан в тексте?)

А. Кир
В. Тұмар
С. Патша
D. Әнуар
3. Мәтін кімге арналып жазылған? (Для кого написан текст?
А. Ағасына
В. Досына
С. Көршісіне
D. Сыныптасына
4. Мәтінде қандай тарихи оқиға туралы айтылған? (О каком историческом
событии говорится в тексте?)
А. Кирдің амалы
В. Сақтардың шабуылы
С. Парсылардың ерлігі
D. Тұмардың жеңісі
5. «Батырлық» сөзінің синонимін анықтаңыз (Определите синоним слова
«Героизм»)
А. Тұтқын
В. Шайқас
С. Ерлік
D. Әскер

krohaaaaaaaa krohaaaaaaaa    2   03.12.2020 09:16    5

Ответы
EllenOnyschuk EllenOnyschuk  02.01.2021 09:23

1)ерлік

2)Тұмар

3)Досына

4)Тұмардың жеңісі

5)ерлік

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi