Оқылым. Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтін түрлеріне қарай ажыратып жаз. 1-мәтін. Күз келді. Айнала алтын түске боялған. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл болып
жерге түскен. Құстар жылы жаққа ұшуға дайындалуда.

2-мәтін. Аққу киелі құс. Аққудың мойны ұзын, тұмсығы қара, ұшы қызыл болып келеді. Аққудың
қанаты үзын, мамығы ұлпа болады. Ол ұшқанда жаймен ұшады. Аққулар достықтың, мәңгіліктің
белгісі.

3-мәтін. Ежелден адамдар үйді кірпіштен салуды ұнатқан. Себебі, кірпіш суда ерімейді, суықта
үгілмейді. Ол күйдірілгендіктен берік болады. Қазір де кірпіш үй құрылысында, өнеркәсіп
құрылыстарында пайдаланылады.

4-мәтін. Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ-тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер
қарауылда тұрады. Қауіп төнгенде пысқырып дыбыс шығарады.

5-мәтін. Ақбөкен қойға ұқсайды. Бірақ оның басы үлкен. Тұмсығы жалпақтау. Артқы аяқтары
қысқалау. Көздері мөп-мөлдір.

6-мәтін. Үкі – жемін түнде аулайтын жыртқыш құс. Оның басы үлкен, көздері бақырайған,
Қауырсындары жұмсақ. Ол ұшқанда дыбыссыз қанат қағады.

7-мәтін. Құмырсқаның қыста қарны ашпайды. Өйткені ол жазда таңертеңнен кешке дейін тапқан
азығын илеуіне тасып алады. Сондықтан оны еңбекқор жәндік дейді.

Jora2001Voronov Jora2001Voronov    3   18.10.2020 09:40    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi