І. ОҚЫЛЫМ. Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді.

Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады.

Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ көбіне өзімшіл болып келеді.

1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз. [1]

Тұжырым Шын Жалған

1 Біздің міндетіміз – жақсы оқу, азамат болу.

2 Атақты адамдардың бәрі де сол ауылдан шыққан.

3 Қала адамдары ауыл адамдарына қарағанда дәстүрді берік ұстанады​

дрин2 дрин2    2   29.10.2020 12:25    5

Ответы
frostdog0609 frostdog0609  29.10.2020 12:30

прости я не знаю но послушай мою песну кадилла кадиллак это новый кадиллак делать деньги делать деньги бл вот так зачени

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi