І.Оқылым. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орында. Еліміз тәуелсіздігін алып, өз алдына дербес мемлекет бола бастаған күннен-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына үлкен мән беріліп келеді. Бұған басты дәлел- Ата заңымыздың түгелдей азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, мүдделеріне арналғандығы. Бұл – демократиялық ашық қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен бостандықтары өте маңызды болып саналатындығының айғағы.
Тәуелсіздікке қол жеткізу қаншалықты қиын болса, оны сақтап, нығайту жолындағы қиындықтарды еңсеру де оңай емес екені тарихтан белгілі.
Заң- қоғамның негізгі тірегі. «Қоғам» деп отырғанымыз – біздер. Әр адам өз елінің де, өзге елдердің де заңына бағынуға міндетті. Өмірдегі жағымсыз жағдайлардың көбі осы заң талаптарын білмегендіктен туындайды.
Бала - ел азаматы. Сондықтан оның құқықтары мен заңды мүдделері 200 жылы қабыданған «Балалар құқы туралы заңмен» қорғалады. Ата-ана, қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор бала құқығын қорғайды.
Заң бойынша бала сыйға не мұраға алған мүлікті меншіктеуге құқылы, сондай-ақ еңбек етіп, пайда табуға, пәтер иесі болуға, т.б. құқылы. Мемлекетіміз көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан түрлі көмек көрсетеді.
Осылай еліміздің азаматтары заңмен қорғалуға құқылы.
1. Тест тапсырмасын шеш. 5
1. Конституция не үшін қажет?
А. адам құқығын қорғауға В. заңнан қорғануға С. басқа елдің заңына бағынбауға
2. Демократиялық қоғамда не құнды болып саналады?
А. білім В. өмір С. мүлік Д. бәрі дұрыс
3. Қоғам деп нені айтамыз?
А. жер В. халық С. әлеуметтік топ
4. Бала мүлік иесі бола алады ма?
А. әрине, бола алады В. Жоқ, кәмелетке толғанша бола алмайды
5. Азамат мүддесі дегеніміз не?
А. құқығы В. білімі С. ойлау қабілеті