Оқылым Мәтінді оқыңыз. Төмендегі тапсырманы орындаңыз. Қуат көзін дұрыс пайдалану бәріміздің қолымыздан келеді. Оны үнемдеу де, тиімді пайдалана да білу керек. Сонда ешкім артық қаражат төлеп әуре болмайды. Сонымен қатар энергияға деген үлкен сұранысқа қажетсіз салмақ салмай, қоршаған ортаны сақтаймыз. Қуат көзін үйде, күнделікті тұрмыста қалай дұрыс пайдалануға болатынына тоқталайық: ОБөлмені жылытатын не салқындататын жабдықтарды үнемді пайдаланыңыз. oӨз үйіңізді жылытқанда не суытқанда есік- терезелерді жауып қойыңыз. Жылыған не суыған ауаның сыртқа шығып кетпеуін қадағаласақ, біраз қуатты үнемдейміз. Оқуат үнемдейтін электр шамдарын қолданыңыз. Қазіргі заманғы қуат үнемдейтін шамдар қымбатырақ тұрғанымен, аз қуат жұмсап, ұзақ уақыт қызмет етеді. OЫстық суды үнемді қолданыңыз.Ыстық суды суды үнемдеу оған кететін қуатты үнемдеуді білдіреді. О Жарықты, теледидар мен компьютер сияқты электронды құрылғыларды өшіріп жүрген дұрыс. Өйткені, сөніп тұрса да, қуатты жей