І. Оқылым: Мәтінді оқы. Мәтін мазмұны бойынша тапсырмаларды орында «Жері байдың елі бай» демекші, қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын,
оның табиғаты мен өнеркәсібі өзгеше ерекшеленеді. Еліміздің әрбір жерінде неше
түрлі кен орындары, пайдалы қазбалар өндіріледі.
Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып
алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және
т.б да пайдалы қазбалар бар.
Сарыарқа мен Атырау, Алтай мен Қаратау қойнаулары алтын сандық
іспеттес. Қазақстан қазба байлық жағынан дүниежүзіндегі ең бай деген 10 елдің
ішіне кіреді.
Қазақстан әлемде вольфрам, қорғасын, барий қорынан 3-орын, мыс
мөлшерінен 4-орын, уран рудасынан 5-орын, темір 7-орын, қалайы мен никельден
8-орын, көмір мен газ қорынан 9-орын алады. Мұнай қоры жөнінен Парсы
шығанағындағы елдер, Латын Америкасы, Ресей, АҚШ-нан кейінгі 13-орынды
алады.
Қазақстанда 6000-нан астам пайдалы қазбалардың кен орындары бар.
Еліміз өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда.
Дегенмен, жеріміз бай екен деп, жер қойнауындағы пайдалы қазбаны тек
өзіміз қана пайдаланып немесе сатып қана қоймай, келер ұрпаққа қалдыру
мақсатында үнемдеуіміз керек. Жер байлығының қоры шексіз емес екенін
ұмытпайық.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. / /
1. Қазақстанда қанша қазба байлықтары бар?
2. Келер ұрпаққа қалдыру мақсатында не істеу керек?
3. Мәтінде берілген мақалды көшіріп жаз.