Оқылым. Мәтінді оқу Қазақстанды мекен ететін этнос елдердің арасында достық қарым-қатынасты дамыту –Ассамблеяның негізгі мақсаты.Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар.Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы –ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақ халқының кеңпейілдігі мен бауырмалдығы қазақ жерінде бірнеше этнос өкілдерінің өзара жақындықта тату –тәтті өмір сүруіне ұйытқы болып отыр.Қазақстан халықтарының берік достығы, замандастардың бірлігі,ұйымшылдығы – өзге елдерге үлгі. Қазақстанда тұратын ұлттардың өз этноқұрылымдары бар.Орыс, өзбек балалары мектепте ана тілінде білім алады.Орыс, өзбек,кәріс, немістердің ондаған театры мен газет-журналы бар.Әзербайжан,грек,ингуш,неміс, шешен,поляк т.б.халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының жанында бірнеше жексенбілік мектептер жұмыс істейді.
Қазақстан халқы ассамблеясы жыл сайын Қазақстан халықтарының фестивальдарын,тіл фестивальдарын,тіл білу дәрежесін анықтайтын жиырма шақты байқау,халықаралық және республикалық , ғылыми –практикалық конференциялар мен семинарлар өткізіп тұрады.
Тапсырмалар
1.Мәтіндегі қою қаріппен жазылған сөзердің синонимдерін тауып жаз.Оларды қатыстырып сөйлем құра.
2.Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды ажырат.
3.Мәтіннен сын есімді тап.Олардың мағыналық түрін аныкта