Оқылым Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Күй – қазақ халқының ұлттық өнері, олар қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізген. Күй – қазақ халқының ең басты рухани байлығы. Күйді қазақтың екінші тілі десе де болады. Күй – махаббат, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы.
Құрманғазы Сағырбайұлы – күй атасы, қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Ол Орал облысында туған. Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақ бай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т. Б. Күйлерін шығарған.
Күй анасы – Дина. Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова да Орал облысы, Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесі Кенже Динаны бала кезінен еркін өсірген. Ол 7-8 жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында ұстазы Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш, Көкбала және т. Б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. 1888 жылы Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Бұлбұл», т. Б. (167 сөз)

Мәтін бойынша мәліметтерді толықтырыңыз.
Құрманғазының күйлері

nadir7207 nadir7207    2   16.03.2021 13:13    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi